ТЕРРОРИЗМ АКТІСІНІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СОТ ЖАСАУЫЛДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотында «Сот ғимаратында терроризм актісі болған жағдайда сот жасауылдарының іс-әрекеттері» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды облыстық ІІД-нің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция майоры Е.Маханов ашып, ҚР Президентінің 24.09.2013 жылғы №648 Жарлығымен діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданғанын, осы аталған бағдарлама аясында мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөнінде айтып өтті.
Облыстық ІІД-нің «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағының қызметкерлері тәжірибе жүзінде жарылғыш заттарды жарып, сақтану жолдарын көрсетті.
Сондай-ақ, семинарда қызметкерлердің жарғыш құрылғысын байқап қалған және жарылыс қатері мен жарылыс жасалуы жөніндегі хабар алған кездегі әрекеттері, кездесіп қалған жарғыш құрылғыларды өз бетімен залалсыздандыруға жол бермеу, күдікті нәрсенің жанында ұялы телефон құралдарын пайдаланбау жөнінде айтылды.
Шара соңында террорлық әрекет телефон арқылы жасырын анықталған жағдайда атқарылатын іс-әрекеттер туралы бейнеролик көрсетілді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі