АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысын алғы сөзбен Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары С.Смағұлова ашты. «Төрелік» ақпараттық жүйесін қолдану, оның ішінде кіріс, шығыс құжаттарын рәсімдеу және «Сот кабинеті» арқылы түскен құжаттарды тіркеу туралы құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ш.Жүсіпова баяндама жасады. Ш.Жүсіпова баяндамасында аудандық және оған теңестірілген соттардан келіп түсетін бақылау тапсырмалардағы кейбір кемшіліктерге тоқталып, тапсырмалардың уақытын назарда ұстау керектігін айтып өтті.
«Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі азаматтық іс жүргізу тәртібі туралы құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы И.Жанабергенова, ал, қылмыстық іс жүргізу тәртібі туралы құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Н.Нұрахметова баяндама оқыды.
«Сот кабинеті» жұмысын қолдануда туындаған мәселелер бойынша талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Б.Рысмамбетов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында бүгінгі күні сот органдарында «Сот кабинеті» электронды сервисі жұмыс жасайтынын, қазіргі таңда бұл жүйе бойынша негізгі бағыт «Талап арыз беру» сервисімен соттарға 23 наурызға дейін 3673 талап арыз түскенін айтып, талап арыздардың уақытылы тіркелуі бойынша облыс соттарына жүргізілген талдауға тоқталды.
Мұнан соң, «Сот отырыстарында аудио-бейне қондырғыларын қолдану» туралы талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы А.Кайбалдиева айтып өтті.
Семинар соңында талқыланған мәселелер, қорытындыланып, тиісті ұсынымдар жасалды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі