ОТСТАВКАДАҒЫ НӘЗІКЖАНДЫ СУДЬЯЛАРҒА АЙТАР АЛҒЫС ОРАСАН
Қызылорда облысы соттарында еңбек етіп, республика сот билігінің дамуына үлес қосқан, бүкіл ғұмырларын сот әділдігін, заң үстемдігін қорғауға арнап, судьялық біліктілігімен, азаматтық биіктігімен ел құрметіне бөленген нәзік жандылар аз емес.
Еліміздің сот жүйесін өркендетуде әйелдер қауымының да қосқан үлесі зор. Отбасы қам-қарекеті, балалар тәрбиесімен қоса, ел игілігін арттыруда қоғам алдындағы міндетін адал атқарып, бүгінде отставкаға абыроймен шыққан нәзікжанды зейнеткер судьяларымызға қандай мадақ айтса да жарасымды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында «Жарасымды жанұя» журналына отставкаға шыққан Қызылорда облысы соттарының судьялары туралы «Сенім мен құрмет» тақырыбында мақала жарыққа шықты. Мақалада доғарыстағы әйел судьялардың өмір жолы мен еңбек тарихы және жеткен жетістіктері, иеленген марапаттары жазылды.
Сонымен қатар, мақалада сот саласының мәртебесін асқақтатқан барлық әйел азаматтарға сот ұжымы алғысын білдірді.
Қазақстан республикасы Судьялар одағының Қызылорда облыстық филиалы