«МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ КОМПАНИЯМ» ТРЕНИНГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҰЙЫМШЫЛДЫҒЫН КӨРСЕТТІ
Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясы бас кеңсе қызметкерлері үшін «Мен және менің компаниям» тренингін ұйымдастырды. Негізгі мақсат – кеңсе қызметкерлерінің өзара байланысын нығайту.
Тренингті өткізу бастамасын көтерген – Лиза Өткелбаева. Сәлемдесуден соң қатысушылар «Динамит», «Қызыл жалын», «Жылдамдық» және «Көшбасшы» деген 4 топқа бөлініп, тапсырмалар алды. Атап айтқанда, «Визитті карточка», «Сиқырлы шаршы», «Ұытқа қалдырма», «Қайық», «Караоке марафон», «Жасырын сөз» деген тапсырмалар болды.
Қатысушылардың үлкен өзенде «көңілді қайық» қызметін атқарған түрлі-түсті шылапшынмен жүзіп, аралды – шаршы алаңды айналдыруына тура келді. Одан кейінгі міндет – шаршы алаңды тастап кетпей, бөренеде тұрып бір-бірімен орын ауыстыруы керек. Тапсырманы бірден орындау кім-кімге де оңай соқпады. Бірақ топ мүшелерінің достығының арқасында кедергілер оңай игерілді. Барлық команда бірліктің озық үлгісін көрсетті.
Нәтижесінде командаларға сыйлықтар табысталды. Тренинг би кешіне ұласты.
«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі