ДАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ӨРТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУДЫ ҮГІТТЕДІ
Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Тасбөгет кенті, СПМК-70, «Астана» мөлтек аудандарында профилактикалық үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Мақсат – көктемде далалық және тұрмыстық өрттердің алдын алу, тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарымен таныстыру, тазалық сенбіліктері мен шаруашылық жұмыстары кезінде қураған шөптер мен қоқыстарды өртеуге жол бермеу. Қызметкерлер дауыс зорайтқыш құрылғы арқылы қауіпсіздік талаптарын жеткізді. Үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар №23 мектеп-лицей оқушыларына «Өрт қауіпсіздігі талаптары және төтенше жағдай орын алғанда атқаратын іс-әрекеттер» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында оқушыларға көрнекі бейнематериал ұсынып, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жұмыс жасау тәртібін үйретті.
Рабат СӘКЕНҰЛЫ,
Қызылорда қаласы ТЖБ инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты