ЖАЗА ӨТЕУ ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛҒАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫН АШУ ЖОСПАРДА
Қызылорда облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 2014 жылдан бері «Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігімен «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту» жобасы жүзеге асырылуда.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, жобаға 2014 жылы облыстық бюджеттен 2 766 мың тенге бөлінсе, 2015 жылы жергілікті бюджеттен 6170 мың теңге бөлінген.
Орталық жұмысы биыл да жалғасады.
Жаза өтеу орындарынан босатылғандар үшін 30 орындық әлеуметтік бейімдеу орталығын ашу да жоспарда. Ол үшін қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өтінім ұсынылды.