ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛДА ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕСІ ТУРАЛЫ САБАҚ ӨТТІ
Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал - майоры Б.Бисенқұловтың (2016 жылғы 14 наурыздағы № 1-11-4-42/1158-и) хатындағы қызметтік автокөліктерде жол-көлік оқиғалардың алдын алу тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінде Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының аға испекторы полиция капитаны Н.Ахметовтің қатысуымен, жол қозғалысы ережелері бойынша және жолда қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы сабақ өткізілді.
Сабақ барысында жасақ құтқарушыларына Жол қозғалысы ережелеріне 2016 жылы енгізілген өзгерістер туралы түсіндірілді. Тыңдаушыларға сонымен бірге, жүргізушінің құқығын білуі туралы, жолаушының және жаяу жүргіншінің құқығы жөнінде айтылды. ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары А. Алмашев жедел шақыруларға шығып, арнайы автокөлікті және жеке автокөліктерін басқару кезінде жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаулары қажет екенін айтып өтті. Шара барысында жасақ құтқарушылары көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап алды.
«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы»