ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР МЕЗЕТТЕ 30 ТҮП АРША МЕН 1000 ДАНА СЫР ТАЛЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Бұл көркейту мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін жарияланған екі айлық шараның бастауы болды, - деп хабарлады «Хабар» телеарнасының тілшісі.
Кетпен, күрек арқалған жас ұрпақ пен аға буын өкілдері бірлесіп, Тұңғыш Президент бағын абаттандыруға жұмыла кірісті. Саябақта сондай-ақ «Бауырсақ пати» шарасы ұйымдастырылды. Табиғат жанашырларына ыстық бауырсақ үлестіріліп, ұлттық әндер шырқалды.
Сонымен қатар төл спорттық жарыстар мен мерекелік бағдарлама жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.