МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАСТАУЫШ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Қызылордалық төрт мүмкіндігі шектеулі бастауыш кәсіпкер «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында өз кәсібін кеңейтуге демеушілік көмек алды. Бастауыш кәсіпкерлерге «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнесті дамытуға арналған құрал-жабдықтар табысталды.
Мұсаев Бақытжан екінші топ мүгедегі болса да жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкер. Бес баланың әкесі 2013 жылы автокөлік сатып алуға несие рәсімдеп, бүгінде оны аз ғана мүгедектік жәрдемақы есебінен төлеп отыр. Бақытжан «Даму» қорынан автокөлігін жөндеуге қажетті автобөлшектер алуға көмек сұрап, нәтижесінде оған жұмысын үзбей жалғастыруды қаматамасыз етуге көмек көрсетілді.
Сондай-ақ демеушілік көмек үшінші топ мүгедегі жас бастауыш кәсіпкер Дәурен Ахметовке көрсетілді. Дәурен өзінің мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан массаждың базалық курсын оқып, қазірде үйден массаж қызметін көрсетуде. Ол Даму Қорына арнайы массаждық кушеткалар алып беруге өтініш жазды. Дәуреннің өтініші бойынша жеке кәсіпкер Іңкәр Ғалымжан қол ұшын созып, оның кәсібін дөңгелетуіне қолдау көрсетті. Жас кәсіпкердің сөзінше, болашақта анасымен бірге шағын орталық ашып, мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін массаж жасауды жоспарлауда.
Қызылордалық Күлімкөз Дүзбай – бірінші топ мүгедегі. Ол 32 жыл бойы тігінші болып жұмыс жасаған, ал қазір үйден сүйікті ісімен айналысып, тапсырыстар қабылдауда. Шағын кәсібін кеңейту мақсатында Күлімкөзге соңғы үлгідегі тігін машинасы табысталды.
Тағы бір тігін машинасына қол жеткізген ізгі жан көп балалы ана Зухра Омарова өзінің мүмкіндігі шектеулі ұлына аналық мейірімін аямай күтіп бағуда. Қосымша табыс тауып, кәсіпкерлікті жүргізу үшін Зухраға компьютерленген тігін машина сыйға берілді. Зухраның сөзінше, ендігі жерде балалардан қашыққа кетпей - ақ үйден қаражат табуға болатыны қуантып отыр.
Күлімкөз Дүзбай мен Зухра Омароваға демеушілік көмек көрсеткен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушысы «Сыр қанағаты» ЖШС директоры Нұғыман Аймахановқа зор алғыс білдіреміз.