СУДЬЯЛАР МЕН МЕДИАТОРЛАР ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ БАЛАМАЛЫ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің кәсіби медиаторлары бірлесіп, «Медиация институтының дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараны ашу барысында сот төрағасы А.Дәуренбеков медиацияның дауларды реттеудегі балаламалы әдістердің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
Өз кезегінде кәсіби медиатор Л.Бақтыбаева экономикалық дауды шешудегі медиацияның тиімділігін, оның ішінде бітімгершілікке келудің қарым-қатынастарды сақтап қалу мүмкіншілігі, дауды шешуде қаражатты аз талап ететін баламалы түрі екенін, медиатор сот әрекеттеріне қатысы жоқ кәсіби делдал, оған азаматтар ерікті жолмен жүгінетіндігін атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар медиация рәсімін іс жүзінде жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.
Шара соңында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі арасында екі жақты әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының
баспасөз қызметі