ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕУ ІСІН ҚОЛҒА АЛДЫ
Қызылордалық кәсіпкер төрт түліктің төресі түйе сүтін өңдеу ісін қолға алды. Шұбаттың сақталу мерзімі ұзартылып, тұтынушыға сапалы күйде жеткізілмек.
«Хабар» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, құны 45 миллион теңгеге жуықтаған бұл жобаның арқасында ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары пайда болды. Түйе шаруашылығы Сыр өңірінің солтүстігінде жақсы қолға алынған. Дегенмен, Қаратау бөктерін қоныстанған фермерлер де қымыранның қадір-қасиетіне ерекше ден қоя бастады. Ыстық пен суыққа, жел мен шөлге шыдамды бірден-бір түліктің шипалы сүтін өңдейтін цех тәулігіне 400 литр өнім дайындауға қауқарлы.
Баян Дүйсенбек, технолог:
- Келген сүттер ең бірінші сараптамадан өтеді. Сараптамадан өткеннен кейін барып ол сүттің жарамды, жарамсыз екені анықталады. Одан кейін ол сүттің жарамдығы анықталғанан кейін бұл процеске дайын етіп құйылады.
Шикізаттың табиғи құрамы сақтала отырып, тиісті технологияға сай өңделеді. Ал пастерден өткен шұбатты әдеттегідей бір апта ғана емес бір ай сақтауға болады. Қымыран құйылатын құты да осы жерде дайындалады.
Сабыр Ермаханов, шұбат өңдеу цехының директоры:
- Евроодақ көлемінде біз декларация алдық. Қазір шығарып жатқан шұбатымыздың майлылығы – 6 пайыз. Қазақстан бойынша ондай 6 процентке ешкім жеткен жоқ. Тек осы Қызылорда, Шиелі ауданында ғана шығып отыр осындай.
Тың жобаға түрең салған кәсіпкер ғалымдармен тығыз байланыс орнатқан. Басты мақсат – ғылыми ізденіс негізінде шұбаттан жасалатын ағзаға пайдалы өнім түрлерін көбейту.
Әсия Серікбаева, биология ғылымдарының докторы:
- Түйе сүтін өндіріске қойып, яғни ол сүтті пастерлеп, одан жаңа өнімдер алуға болатынын, йогурт алуға болатынын және пастерленген түйе сүтін, балмұздақ жасауға болатынын, одан да басқа пробиотикалық өнімдер жасап шығаруға болатыны анықталды.
Кәсіпкер алдағы уақытта мемлекеттің бизнесті қолдауға бағытталған түрлі тетіктерін пайдаланып, өндіріс ауқымын кеңейтуді көздеп отыр.