«ҚАЖД АРУЫН» АНЫҚТАДЫ
Жыл басы – Наурыз мерекесіне орай ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тіл маманы және қадр жұмысы тобы «ҚАЖД аруы» байқауын ұйымдастырды.
Алғаш рет ұйымдастырылған арулар сайысының қатысушылары ”Сәлем –сөздің анасы”, "Өнерлі өрге жүзер”, «Халқын сүйген салтын сүйер, «Мақал – сөздің мәйегі», «Ас – адамның арқауы» аталымдары бойынша бақтарын сынады. Олардың шығармашылық қабілеті, өзін-өзі ұстау мәдениеті қазылар алқасының назарында болды.
«Сәлем – сөздің анасы» кезеңі бойынша арулар өздерін және жұмыс орнын таныстырды. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде бірі әуелетіп ән салса, бірі мың бұрала би биледі, бірі түкті кілем тоқу өнерімен таң қалдырды. Он саусағынан өнер тамған қыздар өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын ұсынды. «Мақал – сөздің мәйегі», «Халқын сүйер салтын сүйер» кезеңінде қазақ халқының асыл құндылықтары мақал-мәтел мен салт-дәстүрлерге байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Төрешілер шешімімен «ҚАЖД аруы-2016» байқауының бас жүлдесі ЗК-169/5 мекемесінің хатшысы Айгерім Бакироваға бұйырды. «Өнерлі ару» номинациясын ЗК-169/5 мекемесінің тылмен қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы Назерке Сұлтанова, «Инабатты ару» Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы Мереке Досжанова, «Білімді ару» ЗК-169/1 мекемесінің қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бухгалтері Айна Бисекенова, «Шебер ару» ЗК-169/1 мекемесінің медицина бөлімінің аяжаны Аягөз Қаратаева иемденді.
Сайыс жеңімпаздары мен қатысушыларына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.