СОТТА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кабинеті» сервисімен жұмыс жасау» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, судья А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева және сот қызметкерлері қатысты.
Семинарды сот төрағасы С.Сүлеймен ашып, бүгінгі таңда сот саласында көптеген жаңа заманауи технологиялар енгізіліп жатқандығын айтып, сөз кезегін баяндамашы кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаеваға берді.
Баяндамашы Қ.Сарсенбаева сот ісін жүргізуді оңтайландыру мақсатында, қолжетімділікті арттыру, сот төрелігінің ашықтығы мен айқындығы, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтарын сот арқылы қорғауына ыңғайлы болу үшін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті «Сот кабинеті» сервисін жүзеге асырғанын, «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері сотқа пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжаттарды ұсынуға құқылы екендігін, ол үшін «Сот кабинеті» сервисінде электронды цифрлы қолтаңбаны пайдаланып тіркелу қажеттігін айтып өтті.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисінде тіркелгеннен кейін авторлану ЖСН немесе БСН және пароль арқылы жүзеге асырылатындығын, ал, құжаттарды заңды тұлғаның өкілі берген кезде авторлану БСН арқылы жүргізілетіндігін баяндады.
Одан кейін, «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа түскен құжатпен жұмыс жасау тәртібін көрсетіп, түсіндіріп шықты.
Семинар жұмысын қорытындылап, сот төрағасы «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсетін құжаттарды белгіленген нұсқаулыққа сәйкес тіркеп, әрі қарай тиісті жұмыстарды бұлжытпай орындауды тапсырды.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі