САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРҒА СЫЙ
Наурыз мерекесі қарсаңында «Даму» қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
«Қанат» спорттық-сауықтыру орталығында өткен шара барысында мүгедек балаларға арнап сый жасалды. Сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндерді қабылдайтын бірегей орталықта бүкіл Қазақстан аумағынан келген науқастар ем қабылдауда. Қайырымдылық акциясының ұйымдастырылуына атсалысқан жеке кәсіпкер, «Робинзон» балалар ойын-сауық орталығының директоры Виктория Югай іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қолдау алған жеке кәсіпкер бүгінгі таңда өзі демеуші ретінде мүгедек жандарға қол ұшын созып отыр. «Робинзон» орталығы аниматорларының арнайы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап әзірлеген бағдарламасын тамашалаған бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Наурыз мерекесіне арналған бағдарламаны Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің музыканттары өздерінің керемет концерттік нөмірлерімен жандандырып, балаларға шаттық пен керемет көңіл-күй сыйлады.
Акция шеңберінде «Даму» қоры демеушілігімен орталық емделушілеріне мерекелік дастархан жайылып, басты ас наурыз көже таратылды. Сонымен қатар қор тарапынан балаларға сыйлықтар табысталды.
Науқас балалардың ата-аналары «Даму» қорына алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Оңалту орталығының директоры Сәкен Темірқұлов та көрсетілген қолдауға өз ризашылығын білдіріп, Қор өкілдеріне алғыс хат табыстады.