ҚОҒАМ ТАЛАПТАРЫ ЕСКЕРІЛГЕН
Қазақстан Республикасының судьялардың алғашқы съезді сонау 1996 жылы өткен еді. Содан бері елімізде сан сындарлы өзгерістер болғаны белгілі. Енді көп ұзамай Қазақстан Республикасы судьяларының VІІ съезі өтеді. Бұл басқосуда судьялардың әдеп қағидалары мен іс-әрекеттері ережелерінің кодексі қабылданатыны белгілі.
Әдеп қағидалары мен судьялардың мінез-құлық ережелерінің жаңа кодексін қабылдау елде Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам – Ұлт жоспарын нақты орындаудан туындады. Олардың ішінде басты бағыттарының бірі сот реформасы болып табылады. 100 нақты қадамды орындау мақсатында қабылданған жаңа заңдар сот жүйесін түбегейлі өзгертуге, оны тәуелсіз және тиімдірек етуге арналған. Сот қызметінің нәтижелері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар, экономиканың жағдайына, нақтырақ айтқанда, шетелдік инвестицияларды тарту мәселелеріне жағымды әсер етуі керек.
Әділ соттың алдында тұрған жоғарғы және жауапты міндеттерді халыққа адал қызмет ететін, Конституция мен заңдарды мүлтіксіз орындайтың, адалдық пен әділдікті қатаң сақтайтың, халық арасындағы беделі жоғары, моральдық нормаларды жоғары ұстайтын судьялар жүзеге асыруы тиіс. Жоба судьяның кәсіптік және моральдық келбетіне қоғамның зор талаптарын ескеріп әзірленген. Кодексті қабылдау биліктің сот тармағына қоғам сенімінің негізі ретінде судьялардың іс-әрекеттерінің ортақ әдеп стандарттарын орнату мақсатын көздейді.
Жоба 5 тарау және 33 баптан тұрады. Онда келесідей тараулар қарастырылған: «Судьялардың іс-әрекеттерінің әдеп қағидалары», «Кәсіби міндеттерді орындау кезінде судьяның іс-әрекеттерінің әдеп ережелері», «Судьяның отбасындағы және тұрмыстағы іс-әрекеттерінің әдеп ережелері». Кодексте орын алған қағидалар және ережелер атқаратын қызметтерінен тәуелсіз барлық судьяларға, сонымен қатар отставкадағы судьяларға міндетті болады. Судьяның әдеп қағидалары мен ережелерді бұзу фактісі азаматтардың және ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің лауазымды тұлғаларының өтініші бойынша қабылданған сот қоғамдастығы-ның уәкілетті органының шешімінің негізінде ғана расталуы мүмкін. Одан басқа уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары бойынша жеке бастамасымен судьяның әдеп қағидалары мен іс-әрекеттер ережелерін бұзу фактісін қарастыруға құқылы.
Сот жүйесінің жандануына съездердің ықпалы зор. Әр съезд сот жүйесін дамыту мен халқымыздың сот әділдігіне деген сенімін жаңа деңгейге көтереді. Алдағы өтетін алқалы жиында алдыңғы басқосуларда қолға алынған жұмыстардың әрі қарай жалғасып, сот саласын жаңа белеске көтеретін жаңа бастамаларға мұрындық болары даусыз.
С.УТЕГЕНОВА,
Қызылорда қаласының
мамандандырылған
әкімшілік сотының судьясы