САЙЛАУДА АССАМБЛЕЯНЫҢ ОРНЫ ЗОР
Әні-міне дегенше сайлаудың да науқанына келіп кірдік. Болшағамызды айқындап, келешегімізге даңғыл жол салатын осы бір таңдаулы сәт әрбір қазақстандық үшін маңызды. Тілегіміз де жүрегіміз де бір деп жүрген әрбір ұлт өкілі де осы сайлаудан үлкен үміт күтері анық. Себебі бізде өзге ұлт өкілдерін мәжіліс төріне шығаратын Қазақстан халқы Ассамблеясының өзіндік орны бар. ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлауға құқылы болды. Осылайша қолданысқа енген заң талабы бойынша өзге ұлт өкілдері де белгілі бір деңгейде төрге шығып, қазақ қалқының құрметіне бөленуде.
Ассамблея сайлаған Мәжілістің тоғыз депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Бүгінде сол депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық, бастамашылық құқығын жиі пайдалануда. Еліміз тарихынан ойып тұрып айрықша орын алатын оқиғаның бірі Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз еліміз дамуының ұзақмерзімдік «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын маңызы орасан зор құжатты халық назарына ұсынып, алда атқарылатын ауқымды да асқаралы міндеттерді белгілеуі болды. Көпұлтты ұлттар мен ұлыстардың арасында өзара түсіністік, тату-тәтті береке-бірлік пен ынтымақ және рухани құндылықтарға деген адалдық ауадай қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде көпұлтты қазақстандықтардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырған татулық темірқазығына айналып отыр. Ассамблея арқылы сайлаған қалаулылар болса бұл құрметті қайтарымсыз қалдырып жатқан жоқ. Олар де өз кезектерінде ел болашағы, әлеуеті мен мәдениеті үшін аянбай еңбек етуде. Бірлігі жарасқан, достығы артқан елдің бір ғана мақсаты бар, ол – бейт заман. Біз осылайша қанша халық аңсаған бибітшілікті Елбасымен бірге қалыптастырдық, енді оны арі қарай мызғытпай алып жүруге міндеттіміз.
Н.КЕУЛІМЖАЕВА,
бас маман, сот мәжілісінің хатшысы