ӘРБІРІМІЗ БІЛІП, ҰЛЫҚТАУҒА ТИІСПІЗ
Қазақ тілі аса бай, құнарлы тіл. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез – келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы құнарын жоймай бүгінге жеткен ана тіліміздің мәртебесі әрине асқақ. Ұлы тіліміздің ұлықтаған Елбасы «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп бекер айтқан жоқ. Біздің ана тіліміз еліміздің заңыменен де қорғалып тұр. Заңымызда:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi» деп айқын көрсетілген.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi деп көрсетілген.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы, десе сонымен қатар «Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға, қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi делінген. Ендеше қазақ тілін әрбіріміз біліп, құрметтеп, ұлықтауға тиіспіз.
М.ИБРАШЕВ,
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік
сотының төрағасы