ЗАҢНАН ҚАШЫП ҚҰТЫЛУ МҮМКІН ЕМЕС
Қала көлемінде заңсыз көшіп-қонумен қатар, республика аумағына келуші шетел азаматтарына бақылау күшейтілді. Осыған сәйкес Ішкі істер басқармасының көші-қон полиция бөлімі бүгінде елімізге бас сұққан әрбір шетел азаматтарына құжаттарын заңдастыруға шақырады, деп хабарлады «kogamtv.kz».
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, оларды тіркеу, фото есептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасы туралы заң 2014 жылғы 8 ақпандағы №76 бұйрығымен бекітілді. Заңға сәйкес олардың жүріс тұрысын қандай мақсатпен жүргенін тексереді. Сондықтан жұмыс беруші өкілдердің құлағына алтын сырға, шет ел азаматтарын тарту үшін бар болғаны міндеттелген 086 медициналық құжат, жеке бас сақтандырулары, сотталмағандығы жөнінде анықтама қажет. Ендігі қалғаны, ИИН нөмірінен үкімет қазынасына салық төлейсіз. Ал оның құны 12720 теңгені құрайды. Егер төлеуден бас тартсаңыз тағы да заңмен арнайы бекітілген ірі көлемді айыппұл төлейсіз. Ескерерлік жайт, жұмыс беруші 5 адамнан ғана жауапкершілігіне ала алады.
Былтырғы жылы арнайы рұқсат қағазы 1778 шетел азаматтарына беріліп, ал олар үкіметке 19435492 қаржы түсірсе, мерзімін ұзартқан азаматтардан қосымша 4756800 теңге өндірілді. Биылғы жылдың да бет алысы жаман емес. Қазіргі уақытта наурыз айының өзінде 151 шетел азаматы еңбекші көшіп келушілерге рұқсат қағаздарын алып отыр. Егер естір құлақ есесін берсе, алдағы уақытта заңмен жұмыс жасаушылар саны көбейіп, мемлекет қазынасына игерілетін қаржы саны көбейерме еді?