«СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АТТЫ СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Қызылорда қаласының №2 сотында Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі бойынша судьялармен сот қызметкерлері арасында оқып үйрену семинар сабағы өтті.
Семинар сабағына сот төрағасы Б.Қалымбет,сот судьялары және кеңсе қызметкерлері қатысты.
Өз баяндамасында бас маман Г.Мырзатаева «Сот кабинеті» сервисі туралы баяндама оқыды. Онда біз Елбасымыздың «Қазақстан-2050» бағдарламасын орындау мақсатында дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін әлемдік стандарттарға сай болуымыз керек екенін және бүгінгі таңда құжатты жедел беру, оның сот сатылары бойынша қозғалысын қашықтан бақылау, ол бойынша процестік шешімдермен танысу және т.б. мәселелер өзекті болып отырғанын айтып өтті.
Осыған орай сот жүйесі дамуының қазіргі кезеңінде соттарда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануға үлкен мән берілуде. Бұл ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты болып отырғанын айта келе, электронды басқару жүйесіне көшу керектігін айтып өтті. Бұл халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізу мақсатында жасалған, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе екенін түсіндірді.
Іс –шараның соңында сот төрағасы Б.Қалымбет семинар сабағына қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі және басқа да электрондық сервистерді белсенді пайдалану туралы ұсыныс айтылды
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз хатшысы