3 000-ҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫСШЫҒА 520 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ТӨЛЕНДІ
Биыл екі ай ішінде прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде Қызылорда облысындағы 19 ұйымдағы 3000-ға жуық жұмысшыға 520 млн. теңгеден астам жалақы қарызы төленді.
- Еңбек заңнамасын бұзған жұмыс берушілер әкімшілік жазаға тартылды. Мониторинг нәтижесінде «Евразкон» құрылыс компаниясының 280 жұмысшыға 22 млн. теңге жалақы қарыз екені анықталып, прокурорлық қадағалау актісі негізінде жұмысшылардың айлық жалақылары толық төленді, - деді бүгінгі брифингте облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Шыңғыс Өтеміс.
Еңбек құқықтарының бұзылу деректері бойынша осы органның 27-87-57 телефон нөміріне немесе 87058246666 нөмірлі ұялы телефонның Whats App мобильді қосымшасына хабарлама қалдыруға мүмкіндік бар.
Назерке САНИЯЗОВА