АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ислам дінінде ата-анаға құрмет көрсетуге зор мән беріледі. Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме» - деп ата-ананың қадірін баса айтқан.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті бұл бағытта да бірнеше шараларды ұйымдастырып, әрбір насихаттық шараларда ата-аналарды құрметтеу туралы кеңінен айтып келеді.
Осы орталық мешіттің ұйымдастыруымен «Аналарды құрметтейік» атты шара өткізілді. Шара барысында қаламыздағы ақ жаулықты аналар, батыр аналар, қыз-келіншектер мешітке шақырылып, арнайы дастархан жайылып, қайырымдылық жасалды. Шарада бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Ислам діні, имандылық турасында уағыз-насихат айтып, аналарымызға деген ақ ниетін жеткізді. Қатысушылар мешіт ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі