ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ТАРАПЫНАН ЖОЛ ЖҮРІСІ ҚАҒИДАЛАРЫН БҰЗУДЫҢ 1642 ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ
Облыс көлемінде 2016 жылдың 2 айында 46 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 17 адам қаза болып, 61 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған.
Жол-көлік оқиғаларына талдау жүргізу барысында, жаяу жүргіншілердің қатысуымен барлығы 21 жол-көлік оқиғасы болып, онда 5 адам қаза тауып, 19 адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алғаны анықталды.
Жолдардағы қалыптасқан жағдайды жақсарту мақсатында 2016 жылдың басынан бастап ОІІД Жергілікті полиция қызметімен 4 рет, яғни «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Абайлаңыз, жаяу жүргінші» жедел профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 2 айында жаяу жүргіншілер тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1642 дерегі анықталып, тиісті әкімшілік шаралар көрілді.
Мәселен, Жергілікті полиция қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында «Жайна» сауда орталығы аумағында жол ережесін елемей, жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатырған 1981 жылы туылған жаяу жүргінші тоқтатылып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы, 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды. Өзінің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қауіпсіздігі үшін еріншектікке салынбай, арнайы жаяу жүргіншілер өтетін көпірмен немесе жолақ сызықпен өту қажеттігі түсіндірілді.
Дәл осы тектес оқиға, «Болашақ» университеті аумағында да бірнеше мәрте қайталанды. Осы аумақта орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған көпірінен өтпей, жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатырған 1991 жылы туылған азаматша тоқтатылды. Оның жол ережесі талаптарын бұзғандығы түсіндіріліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы,1-бөлігі (жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) негізінде әкімшілік шара көрілді.
Жаяу жүргіншілермен жол қозғалысы талаптарын бұзудың бірнеше дерегі тіркеліп, барлық құқық бұзушыларға тиісті шара көріліп, әкімшілік айыппұлдар салынды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі