ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қызылордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қалалық бөлімі «Наурыз – мереке, Наурыз – береке» тақырыбында байқау ұйымдастырды.
Ассамблея хатшылығынан хабарлағандай, байқауға 13 жоғары және арнаулы оқу орнының ұжымы қатысып, өнерлері арқылы салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарды жастар бойына сіңіруге күш салды. Нәтижесінде І орынды М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, ІІ орынды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ иеленсе, ІІІ орынды «Өркениет» медицина және «Қызмет» колледждері иеленді.