ДІН ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ОБЛЫСҚА ІС САПАРМЕН КЕЛДІ
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин Қызылорда облысында іс сапармен болды.
Жұмыс сапары барысында орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің жұмысымен танысып, скайп байланысы арқылы аудандық мешіт жамағаттарымен кездесті. Сондай-ақ, қаламыздағы "Қазан Құдай Ана Иконасы" шіркеуіне барды.
Ғалым Нұрмағамбетұлы облыстық дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының жұмыс жүргізу барысынан толыққанды ақпараттанып, аталған орталықта өткен "Дін саласындағы мемлекеттік саясат" атты дөңгелек үстелге қатысты. Кездесу барысында Ғалым Шойкин еліміздегі діни ахуалға тоқтала келе, діни экстремизм көріністерінің алдын алудағы жергілікті ақпараттық-насихаттық топтардың жұмысы мен маңызы туралы баяндады. Бұл мәселелер бойынша қатысушылар ойларында жүрген сауалдарына тұщымды жауап алды.
Фариза ОМАРОВА