КӘСІПОДАҚ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖҮЗ ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ
Кеше Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы ұйымдастыруымен "Тарихқа тағылым" атты Қызылорда облысының Кәсіподақтар Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Мөрәлі Шәменовтың 100 жылдығына арналған жиын өтті.
Жиынға Қызылорда облысының Кәсіподақтар ардагерлері, кәсіподақ төрағалары, "Келешек" жастар қанаты белсенділері қатысты. Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік мұрағаты директоры Гүлшат Ахметова қатысып, Мөрәлі Шәменовтың тарих койнауындағы жеке ісінен мұрағаттық деректерімен бөлісті. Жиында Мөрәлі Шәменовтың өнегелі өмірі мен еңбек жолы дәріптелді, кәсіподақтар қызметі мен өмірінен, кешесі мен бүгінінен сыр ақтарылып, замандастар үндестігі, ұрпақтар сабақтастығы насихатталды.