МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске облыстық, аумақтық басқармалар мен департаменттердің, құқық қорғау және сот органдарының, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің тілші-ғалымдары, тілдерді оқыту өңірлік орталығының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Абасилов «Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты: басым бағыттары, жоспарлануы мен жүзеге асыру жолдары», университеттің аға оқытушысы Ф.Оспанова «Көп тілді меңгеру – заман талабы», облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Л.Есімова «Облыста мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысы», тілдерді оқыту өңірлік орталығының директоры Н.Мұсаева «Қазақ тілін білу деңгейін «Қазтест» жүйесі арқылы бағалау мәселелері» тақырыптарында хабарлама жасады.
Шара соңында семинар-кеңеске қатысушылар мемлекеттік тіл саясаты төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауап алысты.