ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД-НЕ WHATSAPP АРҚЫЛЫ ХАБАР БЕРЕ АЛАСЫЗ
Халықпен тығыз байланыс орнатып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстық фактілерді анықтауға, дер кезінде ашып, жолын кесуге бағытталған бұл мобильді мессенджер азаматтардан келген сурет, бейне және дыбыстық жазбалар түріндегі хабарламаларды тәулік бойы үзіліссіз қабылдауда. Аталған жүйе Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жедел жоспарлау орталығы базасына қосылған және келген хабарламалар бұлтартпас айғақ ретінде тіркеліп, олар бойынша тиісті шаралар қабылданады. WhatsApp, Viber жүйесінің ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалын қалыптастыруда, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымын танытуда маңызы зор.
Осыған орай, қала тұрғындарына егер де қандай да бір заң бұзушылық фактісінің куәсі болсаңыз немесе сізге қатысты құқық бұзушылық орын алса, жедел түрде Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті – 8-776-89-80-102 нөмірі, Арал ауданы – 8 (776) 860-01-02 нөмірі, Қазалы ауданы – 8 (776) 861-01-02 нөмірі, Қармақшы ауданы – 8(776) 862-01-02 нөмірі, Жалағаш ауданы – 8(776) 863-01-02 нөмірі, Сырдария ауданы – 8(776)864-01-02 нөмірі, Шиелі ауданы – 8(776)865-01-02 нөмірі, Жаңақорған ауданы – 8(776)866-01-02 нөмірі арқылы хабарлама жіберулеріне болатындығын хабарлаймыз.
Алайда, жіберген хабарламаларыңыздағы ақпараттардың шындыққа сай келетініне баса назар аударуларыңызды сұраймыз. Себебі қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату – ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соғатынын ескертеміз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі