ӘКІМШІЛІК ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТЫ – ЗАҢНАМА ТАЛАБЫН САҚТАУ
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заң талабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті құзыретіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану жатады.
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 714-бабында белгіленген Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Осы ретте, табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің қызметтерін бақылау шеңберінде 2015 жылы Департамент тарапынан табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша 29 әкімшілік ісі қаралып, олар бойынша 37,1 млн теңгеге айыппұл салу туралы қаулылар шығарылды.
Қазіргі таңда салынған айыппұлдардың 29,5 млн теңгесі бюджетке өндірілді.
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған органға, оның орындалуын бақылау жүктелгендіктен, Департамент тұрақты түрде өндірілмеген айыппұлдардың бюджетке өндірілуін қадағалап отырады. Осыған байланысты, Департамент 2015 жыл бойынша өндірілмеген қалған 7,6 млн теңге айыппұлдар бойынша қаулыларды мәжбүрлі өндіруге жолдады.
Одан басқа, Департамент тарапынан шығарылған 6 әкімшілік қаулыға табиғи монополия субъектілері тарапынан Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына шағым келтірілді.
Әкімшілік соттың қаулыларымен келтірілген шағымдар қанағаттандырусыз, ал Департаменттің қаулылары өзгеріссіз қалдырылды.
Сонымен, Департамент тарапынан қабылданған қандай да бір ден қою шаралары табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және жаңа заң бұзушылықтарды алдын-алу мақсатына бағытталған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеужәне бәсекелестікті қорғау
Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті