КӨПШІЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ
8 наурыз мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері көп балалы ана Зейнеш Әлжімбаеваға көмек көрсетті.
Облыстық «Сыр бойы» газетінде 10 балалы отбасы туралы жарияланған мақаладан соң, департамент қызметкерлерінің бастамасымен қайырымдылық көмек басталып кетті.
22 жастағы бойжеткеннен бастап, ең кенжесі 7 айлық сәби аралығындағы барлық балаларға арналған киімдер жиналды. Аудандық басқармалар ұн, күріш сияқты азық-түлік жіберсе, құрылым басшылары ақшалай қаражат жинады.
Департаменттің кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Искакова көпшілік атынан көп балалы ананы мерекесімен құттықтап, көпшілік көмегін тапсырды.
Зейнеш Әлжімбаева департамент қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Бахыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы