МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТЕҢДЕУ ОЙЛАП ШЫҒАРҒАН ЖАС ЗИЯТКЕР
Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ләтіш Әбілпәсімнің ойлап тапқан математикалық теңдеуі математика мен механика бойынша зерттеу жұмыстары Халықаралық байқауында топ жарып, 1 орынмен марапатталды.
Наурыз айының 2-4 аралығында Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан және зерттеу жұмыстарының Халықаралық конкурсы өткізілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің базасында өткен интеллектуалды сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан елдерінен 400-ге жуық оқушы қатысып, өз зерттеу жұмыстарын таныстырды.
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әбілпәсім Ләтіш аталмыш додаға математика саласы бойынша ғылыми жұмысымен барды. 17 жасар жас өрен геометриялық фигураларды зерттеп, эпигопоциклоиданың және гипоэпициклоиданың математикалық моделін ойлап тапты. Практикалық жұмыс барысында Әбілпәсім ғылыми жетекшісі Сәкен Сүлейменовпен бірге жазықтықтағы екі керемет қисықтың алғаш рет параметрлік теңдеуін алып және анимациялау арқылы GeoGebraдинамикалық математикалық бағдарламасында кескінін салды. Мұндай математикалық теңдеулер мен алынған кескіндерді архитектура, робототехника және сандық технология салаларында жобалау және модельдеу жұмыстарын жүргізу кезінде кеңінен қолдануға болады.
«Құрылыс саласында жұмыс жасайтын архитекторлар мен инженерлер алынған теңдеулерді қолданып, кескін алумен бірге оны өңдеп, ғимараттардың ерекше сызбаларын ала алады», - дейді жас зерттеуші.
Сондай-ақ жас зерттеушінің алған математикалық модельдері қолөнер мен дизайн салаларында креативті идеялардың тууына жол ашады. Себебі қорытылған теңдеулерді қолдана отырып сан алуан қисықтарды алуға болады. Олардың бірқатары жаңа бір ою немесе орнамент тудырады, яғни олардың жаңа түрлерін дүниеге алып келетін болады. Жұмыстың өзектілігі мен жаңалығын ескере отырып, әділ-қазылар алқасы Әбілпәсімнің жұмысын оң бағалап, жүлделі 1-орынмен марапаттады.