СОТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот үкімдері бойынша атқару парақтарының орындалу барысы және туындаған қиындықтар мен кемшіліктер туралы» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.
Дөнгелек үстел жұмысын сот төрағасы С.Сүлеймен ашып, қылмыстық істер бойынша сот шығындарын өндіру және мүлікті тәркілеу туралы атқару парақтары орындалмай жатқандығын айтып, сөз кезегін баяндамашы бас маман А.Қаршығаға берді.
Баяндамашы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 472-бабына сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі мен қаулысы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бұлжытпай орындалуға жататындығын, сот үкiмiн, қаулысын орындамау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатындығын, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңының» 7-бабының 1-бөлігіне сәйкес, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктелетіндігін айтып, сот үкімдері бойынша сот шығындарын өндіру және мүлікті тәркілеу жөнінде бөліктері орындалмаған істер бойынша 5 жылдың статистикалық есебін айтып, кейбір істер бойынша мысалдар келтірді.
Іс шараға қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді қызу талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын айтып, сұрақтар қойылып, жауаптар айтылды.
Дөңгелек үстелде пікірлесуді сот төрағасы қорытындылып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Соттың баспасөз қызметі