ОБЛЫСТЫҚ СОТТА МЕРЕКЕЛІК ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиналыс өтті.
Мерекелік шараға Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов, облыс соттарының төрағалары мен судьялары, отставкадағы судьялар, соттар әкімшісінің басшысының орынбасары және бөлім басшылары, сот қызметкерлері қатысты.
Алқа төрағасы Қайрат Адранов «бүгінгі күні елімізде әйелдер әр түрлі салаларда ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігін, қабілет-дарынын, іскерліктерін көрсетіп келеді. Әйелдердің қоғамда алатын орны ерекше», - деп шаңыраққа шаттық нұрын себетін, даналықты бойына дарытқан әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, сот жүйесінің қалыптасып, одан әрі нығаюына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында күрделі, жауапты қызмет атқарып келе жатқан нәзікжандыларға зор денсаулық, баянды бақыт, еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіне тілектестігін білдірді.
Шара барысында сот әділдігін жүзеге асыруда жетістіктерге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін адал да абыроймен атқарып сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін судьялар мен сот мамандары марапатталды.
Атап айтқанда, Қызылорда облыстық соты төрағасының Құрмет грамотасын Қызылорда облыстық сотының судьясы Жуынтаева Светлана Нағашыбайқызы, Қызылорда қалалық сотының судьясы Тоғызбаева Меруерт Қожабекқызы, Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы Ерманова Клара Нұртайқызы, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Таженова Гүлнар Оразбайқызы, Байқоңыр қалалық соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Ахметова Жанат Барлыққызы иеленді.
Ал, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының Алғыс хаты Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің жетекші маманы Күнтуғанова Айнұр Серікболқызы, Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Сүлейменова Роза Есенбекқызы мен жетекші маман Задаева Алтын Сәруәрбекқызы, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінің жетекші маманы Жүгінісова Мөлдір Батырханқызына табысталды.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі