МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫ АЯСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ БИЗНЕСТЕРІН АШТЫ!
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында зейнеткерлер өз кәсібін ашуға мүмкіндік алды. Белсенді қызмет етуге үйренген азаматтар зейнетке шыққан соң алтын уақытын зая кетірмес үшін қосымша табыс табуды ойластырады. Әрине, бұл орайда ең тиімді шешім ол өз бизнесіңді ашу болып табылады, себебі өз кәсібің тұрақты жұмыспен қамтып қана қоймай, біршама ақша табуға да мүмкіндік береді. Бизнесті бастауға қажетті бастапқы капиталды мемлекеттік қолдау аясында зейнеткерлер несие рәсімдеу арқылы таба алады.
Қантай Қожантаева өз кәсіпкерлік қызметін зейнетке шыққаннан кейін бастаған. Жеке кәсіпкер 20 жыл бойы балабақшада меңгеруші қызметін атқарды және зейнет жасына жеткен соң өз қызметін мемлекеттік қолдау арқылы жеке балабақшаны ашып, қызметін жалғастырды. ҚантайҚожантаеваның басты ұстанымы, зейнет жасы бизнес бастауға кедергі емес дейді.
- Зейнетке шығысымен өз балабақшамды ашуды қолға алдым, өйткені менде дайын бизнес-идея бар еді. Мектепке дейінгі оқыту саласында көп жылдық тәжірибем болғандықтан «Құлыншақ» атты өзімнің жеке балабақшамды ашуға қажетті қаржыны алу үшін банктен несие рәсімдедім. Бүгінде мемлекет 14%-бен алынған несиемнің 7%-ын өтеп отыр. Несие қаражатына балабақшаны ашып, 22 азаматты жаңа тұрақты жұмыспен қамтыдым. Мемлекеттің қолдауы нәтижесінде мен өзімнің сүйікті ісміммен айналысудамын,-дейді Қантай Қожантаева.
Бүгінгі таңда «Құлыншақ» балабақшасына 100-ге тарта бала келеді. Орталық кең ойын бөлмелері мен вокал сабақтарымен биге үйрететін зал, сурет салу бөлмелерімен жабдықталған. Тәжірибелі педагогтар жаңа заманғы оқыту бағдарламалары мен әдістемелермен сабақ жүргізеді және бұл бағытта балалардың жеке дара қыбілеттерін ашуға мақсатты жұмыс жасалады.
Тағы бір зейнет жасында кәсіппен айналысуды қолға алған 69-жастағы Үржан Жетпісбаеваның Арал ауданында кеңсе заттары мен құрылыс материалдарын сататын өзінің дүкені бар. Өз кәсіпкерлігін кеңейту мақсатында Даму Қорының қолдау құралдары аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 14%-қ үстемемен несие рәсімдеді. Нәтижесінде 14%-нен ішінен тек 4%-ын ғана кәсіпкер төлейді, ал қалған 10%-ын мемлекет қайтарымсыз қолдау негізінде субсидиялайды. Сонымен қатар, ЕДБ несие рәсімдеген жеке кәсіпкерге Даму Қоры тарапынан 50% кепілдендіру берілді.