КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ШЕКТЕГЕНІ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚҚА ТАРТЫЛДЫ
Биыл Қызылорда облыстық прокуратурасы мемлекеттік кірістер мен әділет органдарының 9 кәсіпкердің көлігіне негізсіз тыйым салып, құқықтарын шектегенін анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, «Аппақ және К» ЖШС салықты толық төлесе де, мемлекеттік кірістер органы кәсіпкердің мүлкіне қатысты қабылданған шектеу мерзімін алып тастамаған. Мемлекеттік сот орындаушы «Ақниет-2004» ЖШС-нің қатысты сот актісі бойынша қарызды өндіргеніне қарамастан мүлікке тыйым салу туралы қаулысының күшін жоймаған.
Нәтижесінде 2 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылып, кәсіпкерлердің конституциялық құқықтарын қалпына келтірілді.
Нәтижесінде 2 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылып, кәсіпкерлердің конституциялық құқықтарын қалпына келтірілді.