ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗДІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Жастар денсаулық орталығы Белкөл кентінде денсаулық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады «Жастар ресурстық орталығы» КММ.
Акция барысында кент тұрғындары мен жастарға тегін медициналық көмек көрсетіліп, арнайы үнпарақтар таратылды. Қатысушы тұрғындар қан құрамындағы қант, холестерин мөлшерін біліп, қан қысымын өлшеп, мамандардан кеңес алды. Қажет еткен тұрғындар флюрографияға түсті. Бұл бағыттағы шаралар орталық тарапынан тұрақты ұйымдастырылып келеді.