ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛСА, WHATS APP-ҚА ЖАЗЫҢЫЗ
Прокурорлық қадағалау шараларымен биыл екі айда Қызылорда облысының 18 ұйымындағы 2 000-ға жуық жұмысшыға 370 млн. теңгеден астам жалақы қарызы төленді. 10 жұмыс беруші әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Мысалы, мониторинг жүргізу барысында «Евраскон» Евро-Азиаттық құрылыс корпорациясы» ААҚ-мен 280 жұмысшыға 22 млн. теңге жалақы қарызының қалыптасқаны анықталып, облыстық прокуратурамен енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде жұмысшыларға тиесілі жалақы толық төленді.
Еңбек құқықтарының бұзылу деректері туралы прокуратураның 27-78-57 телефон нөміріне ауызша хабарлауға немесе 8-705-824-66-66 өміріне «Whats App» мобильді қосымшасы арқылы жазбаша хабарлама жолдауға мүмкіндік жасалған.