ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ
Биыл бірінші рет тойланып отырған Алғыс айту күніне орай, қаладағы мектептер арасында «Мен алғыс айтамын!» тақырыбында эссе жазудан байқау өткен болатын. Байқауды Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.
Байқау нәтижесі бойынша Қызылорда қаласының мектептерінен 22 оқушы жеңіп шықты. Ең алдымен оқушыларды жақында пайдалануға берілген Достық үйінің ішімен таныстырып, жаңа мұражайдағы түрлі ұлттардың киімдері мен музыкалық аспаптарды, көне жәдігерлерді аралады.
Қызылорда облысы әкімі аппаратынның «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Рахима Ахметова оқушыларды жеңісімен құттықтап, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыстады.
Қызылорда облысы әкімі аппаратынның «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Рахима Ахметова оқушыларды жеңісімен құттықтап, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыстады.