ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2016 жылдың 3 ақпанында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасының тікелей эфиріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев және Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ.Әбілдаев қатысты.
Бағдарламаның басты тақырыбы - мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру болды.