ҒАСЫРМЕН ҚҰРДАС АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев жасы жүзден асқан қала тұрғындары Рабиға Қоянбаева, Назира Аймағамбетова мен Малика Анапияеваның отбасында болып, ғасыр аналарын алдағы мерекемен құттықтады.
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оларға қала әкімінің арнайы құттықтау хаты мен сыйлықтарын табыстап, иықтарына шапан жауып, құрмет көрсетті. Өз кезегінде ғасыр жасаған әжелер ұрпағының көрсетіп жатқан құрметіне алғысын білдіріп, ақ баталарын берді.