ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАУҒА БЕЙІМ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР СОТ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қызылорда облыстық ішкі істер Департаментімен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу, болдырмау, сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігін ұғындыру мен сезіндіру мақсатында, құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға бейім жасөспірімдерді сот отырысына қатыстырды.
Соттың сот залында ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен айыпталған кәмелетке толмаған М.-ның қылмыстық ісі қаралды.
Сот процесіне қатысқан орта және арнаулы орта білім беру оқу орындарының оқушылары қылмыс жасаған адамның заң алдындағы жауапкершілігін көрді.
Соттың баспасөз қызметі