ӘРБІР СЕГІЗІНШІ АУЫР ҚЫЛМЫС АРАҚ ІШУ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН
2015 жылы Қызылорда облысында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қарақшылық, бұзақылық, тонау секілді адамның қауіпсіздігіне қатер тудыратын ауыр қылмыстар өскен.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл екі ай ішінде 1 қасақана кісі өлтіру дерегі орын алды. Талдау нәтижесі өткен жылғы әрбір сегізінші ауыр қылмыстың арақ ішу салдарынан орын алғанын көрсетті. Мысалы, бұрын жасаған қылмысы үшін шартты түрде жазадан босатылған Е.А. үйінде таныстарымен бірге арақ ішіп отырып, араларында туындаған жанжал салдарынан солардың бірін ұрып-соғып, өліміне себепші болған.
«Облыс көлемінде арақ-шарап өнімдері кеңінен, тәуліктің кез келген уақытында сатылуда. Ауылдық елді мекендерде, қалаға іргелес жатқан саяжайларда арақ сататын нүктелер, яғни жеке үйлер жеткілікті», - делінген хабарламада.
2015 жылы арақты түнде сатудың 11, кәмелетке толмағандарға сатудың 13 дерегі анықталып, дүкен иелері әкімшілік жауапқа тартылған.