ТӘЛІМГЕРЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ!
«Студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» және «Жаңа ашылған бизнесті қолдау» жобаларына қатысушылар табысты кәсіпкерлердің кәсіпорындарында оқудан өтуге мүмкіндік алды.
Оқыту курстары аяқталған соң қатысушылар арасында өз бизнесін ашуға бекінген топ «Даму» қорына табысты кәсіпкерлер арасынан құрылған тәлімгерлерден білім үйренуге өтініш берді.
Тәлімгерлер қайтарымсыз негізде өздерінің кәсіби білімдерін болашақ бизнесмендермен бөлісіп, бизнестегі мүмкіндіктерді жинақтауға көмек көрсетумен қатар, дұрыс мақсат қоя білу мен оған жетуді үйретуде.
Теориялық оқытудан кейін практикалық білімге қол жеткізгендер қатарында болашақ бизнесвумендер Айгерім Нұрманова, Гаухар Сұлтанғали, Айдана Матназарова және Ляззат Төлегеновалар болды. Ляззат Төлегенова және Айгерім Нұрманова кондитерлік цех пен наубайхана ашуды жоспарлауда және оларға осы жолда тамақ өнеркәсібін біршама жыл қатарынан меңгерген «Браунис» ЖШС және ЖК «Нұғманова Баян» компанияларының мамандары көмектесіп жатыр.
Гаухар Сұлтанғали технолог мамандығын игеруде, ал болашақта тігінді меңгеруді үйретумен қатар, бизнестегі тәжірибесімен де бөлісіп жүрген жеке кәсіпкер Майра Жұбаназарова секілді өз тігін шеберханасын ашуды көздеп отыр.
- Өз тігін шеберханамды өткен жылы «Даму» қорының қолдауы арқылы аштым. Мемлекеттік бағдарлама аясында «Даму» қоры тарапынан 50% кепілдендіру беріліп, несие рәсімдеу арқылы өз идеямды жүзеге асыра алдым және өз кәсіпкерлігімді кеңейттім. Бүгінде мен 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. Болашақ кәсіпкер Гаухарға тәжірибеме сүйене отырып, бизнесті дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама аясында қаржыландыруға қол жеткізуге кеңес бердім,- дейді бизнес-леди Майра Жұбаназарова.
Жобаның келесі қатысушы Айдана Матназарова «Қызылорда-Қанағаты» ЖШС типографиясының тынысымен танысып қайтты. Компания топ-менеджері Бақытжан Махатаев Айданаға кәсіпорындағы өндіріс процесін көрсете отырып, өз ақыл-кеңесін айтты.
- Ойланбастан «Даму» қорынан түскен бастауыш кәсіпкерлерге тәлімгер болу ұсынысына келістік, себебі тәжірибеміз бұл бизнестің түрінде өте мол. Старт-апперлердің басты қателігі ретінде бизнесті бастағанда бірден мол табысқа кенелуді ойлайтынын айтқым келеді. Сондықтан біздің басты мақсатымыз оларға нарықты кезең-кезеңімен, улкен шығынсыз бағындыруды үйрету- деп ойымен бөлісті тәлімгер Бақытжан Махатаев.
Барлығы «Студенттік жастардың кәсіпкерлік әлеуетін қолдау» және «Жаңа ашылған бизнесті қолдау» жобаларына аясында қазіргі таңда «Тәлімгер - Стартаппер» ретіндегі 8 жұп құралып, қазіргі таңда бірге жұмыс жасауда. Тәлімгерлердің мақсаты – бастауыш кәсіпкерлер жобасының сәтті жүзеге асуына өз ықпалын тигізу.