ТҮРЛІ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Кеше Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Тұрақтылық пен татулықты тұмар еткен Қазақ Елі» атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті.
Мерекелік шараны кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова ашып берді. Шараға түрлі ұлт өкілдері Г.Ибрагимова, Д.Цзю қатысып, оқырмандарға өз бастарынан өткерген тарихи оқиғаларды баяндап берді. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған бұл ұлт өкілдері құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына өз алғыстарын білдірді. «Бізге ең қымбаты – ауызбіршілік, елдегі тыныштық. Осы күніміздің қадірін білсек екен, сол үшін де Елбасына алғысымыз шексіз» деген жүрекжарды пікірлерін айтты.
«Қазақ еліне тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Облыстық филармония әншілері ән шашуларын сыйлады. Жоғарғы оқу орындарының студенттері мен тұрақты оқырмандар, «Кездесу» клубының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.