БАҚ ПЕН СОТ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында сот жүйесінің қызметін ақпараттық сүйемелдеу мақсатында «Жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингке Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков, облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші А.Наримов, облыстық соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың баспасөз қызметін үйлестіруші судьялары мен баспасөз хатшылары, облыстық соттың ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі, қалада орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот жасауылдары қатысты.
Іс-шараның күн тәртібімен облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші А.Наримов таныстырды. Семинар-тренингте облыстық соттың төрағасы Н.Қайырбеков аудандық және оған теңестірілген соттардың облыстық соттың ресми веб-сайтына жолданатын ақпараттардың сапасына бірқатар ескертпелер айтып өтті.
Баспасөз қызметін үйлестіруші судья А.Наримов қатысушыларға 2016 жылдың 6 ақпаны күні ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмидың төрағалық етуімен өткен кеңейтілген мәжілістегі үйлестіруші-судьяларға жүктелген бірқатар тапсырмаларды жеткізді. Ол өз сөзінде «Бүгінгі таңда ҚР Жоғарғы Соты ақпараттық ашықтыққа баса мән беруде. Құқық тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистер үшін сот процестері нақты, боямасыз ақпарат алатын жер. Осы мәселе бойынша журналистердің, олар арқылы қоғамның және процеске қатысушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету соттардың баспасөз қызметіне жүктелетін міндеттердің бірі екендігін» айтып өтті. Сондай-ақ, үйлестіруші судья А.Наримов әлеуметтік желілерде сот жүйесінің қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын дербес түрде жолға қою мәселесіне баса назар аударуды ұсынды. Бас қосу барысында қоғамда теріс пікір тудырған жарияланымдарға тиісті шаралар қолдану, сот жүйесінің қызметін жариялайтын БАҚ ақпараттарына талдау жүргізу, қоғамдық қызығушылық тудырған істерге қатысты сот шешімдері туралы мәліметтерді баспасөз арқылы уақытылы жеткізу мәселелеріне ерекше көңіл аударылды.
Сонымен қатар, семинар-тренингте облыстық соттың ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бастығы Ғ.Тұрғанбай «Сот приставтарына жүктелген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды орындау», облыстық соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-баспасөз хатшысы Ф.Әлиясқарова «БАҚ-пен байланыс, облыстық соттың ресми веб-сайтына жолданатын ақпараттарға шолу» тақырыптарында баяндама жасады.
Шара соңында соттардың баспасөз хатшыларына баспасөз өкілдерімен байланысты арттыруда бірнеше нақты ұсыныстар келтірілді. Атап айтқанда, заң аясында көзделген ашық сот процестеріне журналистерді кедергісіз қатыстыру және қоғамдық пікір турдырған істер бойынша БАҚ өкілдеріне брифингті дер кезінде ұйымдастыру, әлеуметтік желілерге тіркеліп, соттарда өткізілген іс-шараларды кеңінен насихаттау.
Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдарымен сот жүйесінің ынтымақтастығын жетілдіруге бағытталған әдістемелік құрал табысталды.
Ф.ӘЛИАСҚАРОВА,
облыстық соттың
ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің
бас маман-баспасөз хатшысы