МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
«Жүрегім толы мейірім». Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары осы тақырыпта қайырымыдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды мектептің баспасөз қызметі.
Қаладағы «Жібек жолы» ойын-сауық орталығында қала тұрғындары мен қонақтарына өнерлерін көрсеткен жас өрендер көз және сал ауруына шалдыққан Азамат пен Елнұр есімді бүлдіршіндердің еміне қажетті қаражат жинады. Дүние есігін аша сала тағдыр тәлкегімен алысқан бұл жеткіншектердің келешек өміріне алаңдаушылық білдірген оқушылар қолдан келер көмектерін аямады. Өнерлі өрендер жаппай флеш-моб билеп, ән салып, қала тұрғындарының көңілін көтерді.