СТУДЕНТТЕР САРАЙЫНДА САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Алғыс айту күніне орай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Адал сезім, шын ниетпен алғыс айтам еліме!» атты салтанатты жиын өтті.
Шараға облысымыздағы этно-мәдени бірлестік өкілдері, университеттің оқытушы-профессорлары мен студент-жастары қатысты. Жиын елімізде өмір сүріп жатқан түрлі этностардың қазақ жеріне келу тарихы жайлы деректі фильммен басталды.
Салтанатты кештің ашылуында университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен 130-дан аса ұлт пен ұлыстың ынтымағын одан әрі нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстыратын бұл мерекенің маңыздылығына тоқталды. Мерекелік кеште орыс, украин, корей, поляк, монғол, итальян халықтарының ұлттық әндері орындалып, «Дидар» халықтық би ансамблінің қойылымдары сахналанды. Сонымен қатар, университетте білім алып жатқан өзге ұлт студенттері өздерінің алғыстарын жеткізді.