ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КЕЙУАНА 104 ЖАСҚА ТОЛДЫ
Қызылордалық кейуана Рабиға Қоянбаева, Алла жазса, 104 жасқа толғанын атап өтеді, - деп хабарлады «Қоғам» телаарнасы.
1912 жылы дүниеге келген Рабиға Қоянбаеваның ғұмыры талай тарихтың куәсі болған. 8 наурызда 104-ке толатын әжейдің 3 баласы бар. Ғасыр куәсі балаларынан тараған немерелері мен шөберелерінің ортасында. Жас кезі, гүлдей құлпырған шағы Ұлы отан соғысымен тұспа-тұс келіп жастайынан масақ теріп, канал қазған.
Әжейдің 7 немересі, 15-тен астам шөбересі бар. Біраз уақыттан бері тек көзінің көруі нашарлаған. Рабиға Қоянбаеваның бір ғасырдан аса ғұмыр кешуі гендік сипатының ерекшелігі болса керек. Себебі анасы 94, ал апасы 87 жасында дүниеден озған екен. Осынша жасқа жетсе де әжейдің ізгі тілегі – жүрегінде, батасы аузында.