ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОППЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
2015 жылдың қаңтар айында сотталушы Ж.М. ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оған басшылық жасап, қорқытып, күш қолданып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет қорқытып алушылық жасаған, ұйымдасқан топпен алаяқтық жасаған. Қалған 6 сотталушы М.Ж., Т.Х., О.Н., А.М., А.А., Г.А. ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқан, ұйымдасқан топпен алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет қорқытып алушылық, психикалық күш қолдану арқылы жеке кәсіпкерлердің қарыз ақшаларын қайтара отырып, қайтарылған ақшадан қосымша заңсыз пайда тауып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында меншікке, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы ауыр және аса ауыр жасаған қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Сабыров Асхат Аббасұлы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, журналистер қойған сұрақтарына жауап берді.
Сот үкімімен сотталушылар жылға бас бостандықтарынан айырылды, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі