ҚЫЗЫЛОРДАДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Қызылорда тұрғындарына 20-ға жуық кәсіпорын 200-ге жуық бос орындарын ұсынды, деп хабарлады «24 кз».
Өңірде техникалық мамандарға сұраныс жоғары. Облыс орталығында құрылысы қарқынды жүріп жатқан шыны зауыты 60 маманды қабылдауға әзір. Сонымен қатар тұрғын үй салумен айналысатын мердігер мекемелер бетоншы, тас кірпіш қалаушыларға жұмыс беруге дайын. Шара барысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына бару және жастар практикасына қатысу шарттары түсіндірілді.
Манат Тілеуова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:
- Бүгінгі жәрмеңкенің бір ерекшелігі бөлім тарапынан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алған азаматтардың көрмесі ұйымдастырылып жатыр. Жыл басынан бері бөлімге 4 мыңнан астам жұмыссыз азамат хабарласты. Оның 2 мыңнан астамы – жұмыссыз болып тіркелген азаматтар. Бүгінгі таңда 300-ге жуық азамат осы 2 ай ішінде тұрақты жұмысқа орналасты.
Ұлмекен Балғабай, қала тұрғыны:
- 2015 жылы медициналық колледжді бітірдім. Бүгін ұйымдастырылып жатқан жұмыс жәрмеңкесіне қатысып, осы жақтан жолдама алып, мамандығым бойынша жұмысқа орналасып жатырмын.