ПЕЙІЛІ ДАРХАН ХАЛЫҚҚА РИЗАМЫН
Қазақ халқы қандай десе, бірден қонақжай екені есіме түседі. Себебі қиын-қыстау заманда қоныс аударған жандарға қонақжайлылық танытып, өздері мұқтаж болса да өзгелермен бөліскен халықтың пейілі дархан екені сөзсіз. Осы үшін де қазақ жұртына өзге ұлт ағайындарының айтар алғысы шексіз деп ойлаймын.
Менің де дана халық ұрпақтарына ризашылығым таудай. Сырдария аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының медициналық статист маманы болып 29 жыл еңбек ете жүріп, қазақ тілінде еркін сөйлеуді үйреніп, қазақылық салт-дәстүрді қаныма сіңіре білдім. Ұлтым шешен болғанымен, жүрегім әрдайым қазақ деп соғады. Себебі мен қазақ топырағында қазақтың салт-санасын, дәстүрін, әдет-ғұрпын, қазақы тәрбиені бойыма жинап өскен жанмын. Менің ата-анам 1943 жылы қоныс аудару уақытында Қазақстанға келген. Сол шақта Сыр жұртшылығы отбасымызды жатсынбай, құшақ жая қарсы алды. Алғашқыда облыс орталығында тұрдық. Еңбек жолымды да осы жерде бастадым. 1987 жылы Сырдария ауданының азаматы Абдумажид Албекходжиевқа тұрмысқа шығып, қазақы қаймағы бұзылмаған Сыр елінің белді ауданында өмір сүрудемін. Бүгінде 4 баланың анасымын. Отбасымда жанұя мүшелерінің барлығы қазақ тілін жетік меңгерген.
Мен Сыр елінің талантты ақындары - Шаһизада Әбдікәрімовтің, Қайырбек Асановтың өлеңдерін сүйсіне оқимын. Бала кезімде үйде де, мектепте де қазақ тілінде сөйлейтінмін. Мектеп бітіріп, оқу орнына түскенде қазақ тобында білім алдым. Сол кезде ғана маған қазақ тілін ғылыми тұрғыда үйрену қажет болды. Мектеп қабырғасында жүргенде қазақтың халық әндерін шырқап, бірнеше байқаулардың жеңімпазы атанғаным әлі есімде. Қазіргі таңда да еңбегім еленіп жүр. Атап айтсам, 2008 жылы аудан әкімінің, Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы басшыларының «Алғыс хатымен», Облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет» грамотасымен марапатталдым. 2015 жыл аудан әкімінің қолынан Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерекелік медалін алдым. Құдайға тәубе! Осыған дейін жергілікті тұрғындармен сен қазақ, мен шешен деп ұлтқа бөлініп, араздасып көрген емеспіз. Жолдасым да қазақы ортада туып-өскен жан. Қазақтарды өте қатты сыйлайды. Салт-дәстүрден ешқашан аттап көрген емес. Осы үшін де көңілі дария халыққа алғысымыз мол. «Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар бір туған жердің балалары. Біз бәріміз біртұтас Қазақстан халқының тең құқылы балаларымыз. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Бәріміздің мақсатымыз бір біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі» деп Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, біз еліміздің қарыштап дамуына бар күшімізді салуымыз қажет. Мұны өсіп келе жатқан ұл-қыздарымыздың бойына сіңіруден де кенде емеспіз.
Люба МАХМУРЗАЕВА,
Сырдария аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау
басқармасының медициналық статист маманы,
Сырдария ауданы бойынша Қызылорда облыстық
Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі